«Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» қарсаңында мейрамына арналған іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға Наурыз жыл басы, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Өз ұлтына деген
сүйіспеншілігін арттыру; ата –ана , оқушы , ұстаз ,жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру. Халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу болды.
Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз мейрамы 22 наурыз күні аталып өтіледі. Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Халықтың баяғы түсінігі бойынша бұл түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киіп бір–бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып жақсы тілектер айтылады. Мерекеге арнап жеті түрлі дәннен наурыз көже дайындалады. Дәстүрлі ұлттық ойындар: көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, тағы басқа ойындар ойналады. 22 наурыз күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та жер ана да, жан-жануарлар да оянады. Ынтымағы жарасқан көп ұлтты еліміздің осы бірлігін құдай ұзағынан сүйіндірген. Әрбір шаңыраққа қыдыр дарып бақ қонсын!
20.03.2023 ж. күні «Армысың, Әз Наурызым!» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері Зоя Курметхановна , Динара Муратовна мерекенің салтанатты ашылу рәсімін жасады.
№1 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет майоры Мамбетов Бауыржан Нурланович, тәрбие бөлімінің бастығы Елкеев Сырым Манарбекович,мектеп директоры Гладченко Светалана Леонидовна барша қауымды атаулы мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Әуендете орындалған әндер, нақышына келтіріліп мерекенің ажарын ашты.
Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп. Құтты болсын