"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданының білім бөлімінің түзеу мекемесі жанындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ өз қызметін "мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. Мектеп жалпы орта, негізгі орта білім туралы аттестаттардың телнұсқаларын беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетеді. Осы қызметке мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілді, онда қызмет көрсетудің тәртібі, мерзімдері, тәсілі және құжаттар тізбесі жазылады. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
2022 жылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы қағаз нұсқада бір қызмет көрсетілді.
2022 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.