" Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ "Общеобразовательная школа при исправительном учреждении отдела образования по Атбасарскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қосбармақ ауылым.

20.04.2017

Қосбармақ ауылым.

Мен  өзімнің  мақаламды  Қалқаман Саринің  «Қара өлең» деген өлеңімен бастағым келіп отыр

Қара өлеңнің мекені – Қарауылға келемін,

Қара өлеңнің қамы еді, қарап жүрмей жегенім.

Қаранғанның ішіне көп тығылып ойнайтын,

Қара өлеңге құмартқанқара бала мен едім

Қара құрым халықтың халі бөлек бүгінде,

Қара жаңбыр жауып тұр қар аралас іңірде.

Қара суық күз келіп қалтырайды қу тірлік,

Қара торғай секілді қарағаштың түбінде.

Қара ауылда қалды әне, қара шалым, тектім-ау,

Қара шалдан қалғаны – Қара шаңырақ тек мынау.

Қара күйе жағылып арыңа аппақ, ауылым,

Қара ниет қоғамның құрбаны боп кеттің-ау

Атбасар жерінің тарихы  бай, бұл жер- көптеген  атақты азаматтардың  кіндік қаны тамған жер. Шөбі шүйгін жасыл  шалғындар,  суы мол , балыққа толы өзен-көлдері бар, топырағы құнарлы жер ерте замандардан бастап көптеген ауылдардың қонысына айналды. 20-ғасырдың 90-жылдарында ауыл проблемасы туындап, ауыл өз келбетінен айырыла бастады. Тіпті, бұрынғы ферма орталықтары ыдырап, тұрғындар абдырап, сенделіп кетті. Бағыт-бағдарын жоғалтқан ауыл жұртшылығы мекендерін тастап, жаппай көшуді бастап кеп жіберді. Өкінішке орай, Қосбармақ ауылы да көптеген ауылдардың күйін кешті. Қазіргі кезде Қосбармақ ауылында небары жиырма шақты үй қалды. Қосбармақ  жерінде  көптеген  әйгілі  батыр, қайсар, өз жерін сүйіп, құрметтейтін  нағыз елінің

патриоттары  дүниеге келген . Осы ауылдың тұрғындарының қайсысын алсаң  да батыр, еңбекқор адамдар..Ұлы Отан соғысы кезінде , Кеңес Одағының бүкіл халқы , ауыл тұрғындары , ерлері   соғысқа белсенді қатысты , әйелдер – майданға жіберу үшін , бидай өсетіп, мал  бағып  калхоздарда аянбай жұмыс істеді.Қосбармақ ауылының тұрғындары да шетте қалмады. Кішкентай  Қосбармақ ауылынан да  елу шақты

жауынгер соғысқа аттанды . Көп жауынгерлер соғыстан қайтпады, оның ішінде Кеңес Одағының Батыры Ақан Құрманов та бар болатын.

Құрманов Ақан  1918 жылы, қазіргі Атбасар ауданы  Қосбармақ ауылында дүнйеге келген, оның анасы Батима жолдасы  Жапардан айырлып  бес баламен жесір қалады. Ақан отбасында  үшінші бала болды. Ол кісінің  туған қарындасы  Рақила Муканова өзі  көзі  тірі кезінде  былай  деп ағасын  еске алып отыратың. «Ақан - өте  қайсар бала болатын , ашаршылық кезінде анам бізді алып  Қызылжарға қарай аттанды мен сол кезде  8- 9 жастағы бала едім,

кішкентай інім Әубәкір төрт  жаста  еді , ал ағамыз  Ақан 12-13 жас шамасында. Анам күні бойы жұмыста болады , біз үшеуіміз базар жаққа баратыңбыз . Базарда орыс әйелдері тұздалған орамжапырақтарды сатып отыратың, алатын ақша жоқ, қарнымыз аш. Ақан сол базар ортасынан жүгіріп отырып бір уыс қолына іліккен капустаны алып келетің , екеумізге тең бөлі беретің ,өзі қолында қалған сүйелді жалайтұғын. Ініміз екеуміздің қамымызды  ойлап , өзі  нәр татпайтың. «Ақан, өзін де жесейші»- дегенімде , «жоқ мен аш емеспін»- деп жауап беретұғын. Сол кезден  ақ Ақанның қайсарлығы, ақ жүрегі, батылдығы   білінетін».  Ақан 15 шілде 1918 жылы Қосбармақ ауылында  шаруа отбасында дүниеге келді. 1943 жылы 25 жасында  Чернигов облысында  Мысы селосында   батырлық жасап қаза тапты) – Кеңес Одағының батыры (1944). Еңбек жолын ұжымшарда бастады. 1939 жылы Қызыл

Армия қатарында, кіші командирлер даярлайтын полк мектебінде оқыды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары 61-армияның 76-гв. Чернигов атқыштар дивизиясы 234-атқыштар полкінің 2-ротасында бөлімше командирі болды. 21 кыркүек 1943 жылы он неміс салдатың өлтіріп, бұйрықты орындаған үшін  «Ерлігі

үшін» медалі беріледі . Днепрден өту кезіндегі шайқаста ерлігімен көзге түсті. Кеңес Одағының Батыры ( Ленин ордині  және  «Алтын Жұлдыз» ордені )  28 қыркүек 1943 жылы  қайтыс болғаннан кейін беріледі. Мысы селосы зиратында ескерткіш, Қосбармақ ауылында мемориалдық ескерткіш қойылған.  Астана қаласында  № 17 мектеп- гимназиясы  батырдың атымен аталған. Новоалександровка ауылында және  Атбасар қаласында  көше есімі берілген. Атбасар ауданында батырды еске алу құрметіне дәстүрлі түрде спорт жарыстары өткізіледі. Құрманов туралы өлеңдер, очерктер жазылды.

 Сұрапыл  соғыс  Кеңес Одағының  халқына көптеген қайғы әкелді, бірақ қиындыққа қарамастан халық  өз тіршілігін жасай берді қандыбалақ соғыс майданында аман қалған жауынгерлер үйлеріне оралып,еңбек  майданында аянбай жұмыс істеді,бейбіт өмірдің негізін қалаушылары  болды. Мұндай адамдардың қатарына Жапаров Әубәкір, Мұқанов Шақат, Мәденов Мансұр, Ебылов Баукен, Исинбеков Жанен  сияқты майдангерлерді атауға болады. Мен өз

ауылымды,туған жерімді, жерлестерімді мақтан тұтам, сол кісілер сияқты Отаныма, туған жеріме адал еңбек етіп , халқыма пайдалы болғым келеді.

 Кешкі (ауысым) орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет мұғалімі:

 Киргабакова Г.С.

 

Просмотров: 507


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст