" Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ "Общеобразовательная школа при исправительном учреждении отдела образования по Атбасарскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бірлік бар жерде - тірлік бар"

13.05.2017

"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік

құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздіңелімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде

мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

         

Біздің ЕЦ 166/4 мекемемізде де мерекелік іс- шара өтілді. Кешкі ауысым орта мектеп мұғалімдерімен біріге мекеме қызыметткерлері мерекелік іс- шара ұйымдастырды. Шағын салтанатты концертте сотталған азаматтар өз өнерлерің паш етті. Бірінші жасақ сотталған азаматтар, сгән халқының дәстүрлерің таныстырып кетті, екінші жасақ, украйын халқының салт- дәтүрлерімен таныстырды, үшінші жасақ орыс халқының дәстүрің тамашалады, Төртінші жасақ татар елінің салт-дәстүрің көрсетті және бесінші жасақ қазақ халқының салт- дәстүрлерің тамашалады.

          

Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Осы және басқа да халықтар әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық! Діні  басқа, тілі басқа, тілегі  бір» бір  шаңырақ  астында  жиналған  ұлт  пен  ұлыс  өкілдерінің  ынтымағы – ырысы, байлығы – берекесі  болып, татулығы  жарасқан  біздің  елде  өмір   сүріп  жатқаны  жүректерге  сенім, көңілдерге  қуаныш  ұялатады. Сотталған азаматтар да қызығушылықпен, қуанышты көңіл- күйлерімен  концертімізді тамашалады.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

         Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әріт жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

 

 

 

 

Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі: Киргабакова Г.С.

Просмотров: 474


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст