"Өзге тілдің бәр біл,
өз тілінді құрметте"
Қ.Мырза –Әли
Тіл- адам баласына анасының сүтімен, әкесінің қанымен даритын қасиет. Тіл байлығы –әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан – балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек , әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлауына қарсы тұруы тиіс. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев халықтыңболашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты
дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. « Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп халық даналығында айтылғандай, дамыған, жетекші ел боламыз десек, тілімізді дұрыстап, шұбарламай , өз тілімізде сөйлеп үйренуіміз
керек. Қазақ тілі – әлемдегі ең бай, көркем,әрі ауыр тілдердің бірі. Біздің ана тіліміздің басқа тілдерден ерекшелігі - байлығы әрі шұрайлығы. Мысалы, атақты ағылшын жазушысы Уильям Шекспир өзінің өміріндегі барлық шығармаларында он мыңнан астам сөз қолданған екен. Ал Мұхтар Әуезов болса, өзінің «Абай жолы» эпопеясында он үш мыңнан астам сөз қолданған екен. Осыдан –ақ біздің сүйікті қазақ тіліміздің әлемдегі ғажап тілдердің бірі екенін біле аламыз. Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін екенін ұмытпайық .Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеруге міндетті. Бідің болашағымыз ана тілде. Өз басыма келсем мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілді құрыметтеймін!
Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі : Киргабакова Г.С.