Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып
мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз
келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.
Сондай- ақ жарқын ертегіні, жаңа бақытты сотталған азаматтар да күтуде. ЕЦ 166/4 Мекемесінде жаңа жылдық іс- шара мереке аталып өтті. Осы мерекеніұйымдастырған тәрбие жұмысының әдлет майоры
Касенов Ж.А. және сотталған азаматтар. Мерекелік шара өз мәресіне жетті, сотталған азаматтар әр түрлі өлеңдер, тақпақтар, әзіл-смақ ойындар көрсетті. Барлығы қызықты және көңілді болды. Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Міне жаңа 2018 жыл да келіп қалды. Бұл жылы да елімізде тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын! Жаңа жылым төрле бізге нұр болып,Жақсылықтың жаршысы боп, бақ болып.
Қазақ тілі
және әдебиет мұғалімі: Киргабакова Г.С.