" Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ "Общеобразовательная школа при исправительном учреждении отдела образования по Атбасарскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан халқы тілдері күні

15.09.2022

2022 жылдың  5 қыркүйек-16 қыркүйек жұлдызы аралығында  «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай өткізілген  іс-шаралар туралы

МӘЛІМЕТ

 

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе. «Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі  түзеу мекемелері  жанындағы жалпы орта білім беретін мектебі » КММ Тіл мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары жасалынып, мектеп басшысымен бекітілді.Тіл – қай халықтың болмасын рухани қазынасы. Тіл мерекесіне орай 5 қыркүйек  «Қазақстан халқы тілдер күні» атты онкүндіктің салтанатты ашылу рәсімі аталып өтілді.

Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, еліне деген сүйіспеншілігін ояту  мақсатымен 6 қыркүйек 10-11 сынып аралығында «Қазақ тілі – мелекеттік тіл» тақырыбына сынып сағаты өткізілді.

Сонымен қатар 5 қыркүйектен 16 қыркүйек аралығында «Тіл – достық кепілі» тақырыбына мектеп кітапханашысы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Онкүндікке арналып іс-шаралар ұйымдастырылып, мектеп оқушылары бір жұдырықтай жұмыла қатысты. Іс-шаралардың барлығы дерлік қойылған өз уақытымен тиянақты, әрі қызықты өтті.

 12  қыркүйек күні ,қазақ, орыс,ағылшын бірлестіктері бір ауыздан ат салыса отырып «Тіл – тағдыры ел тағдыры » атты өлең сайысына 10-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Қазақ,орыс, ағылшын  тілдеріңде  өлең оқып өнерлерін ортаға салды.

Орыс тілі және әдебиет мұғалімі Токжуманова Б.М. 9 қыркүйек 10-11 сыныптар аралығында «Ана тілім байлығым» атты тақырыбына эссе өткізді. Алға қойған мақсаты: оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу және оқушылардың азаматтық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерін, ұлттық  рухани санасын, эстетикалық биік талғамын, өмірлік тәжірибесін байытып, тілімізді құрметтеп, аялай білуге тәрбиелеу.

14 қыркүйек  күні 10-11 сыныптар аралығында  «А.Байтұрсыновтың 150-жылдығына» орай   өмірбаяны бойынша бейнежазба көрсетілді. 20 ғасырда азаттық пен бостандық жайында сөз болса алдымен ел мақтанышы, еркін ойлы, өңіріміздің тумасы Ахмет Байтұрсынұлы есімізге түсетіні анық. А.Байтұрсынұлының өмірі жайында біраз мағұлмат беріп, оқушылар өз ойымен бөлісті. Сондай-ақ, А.Байтұрсынұлының саяси қызмет жолы мен қазақ тіліне қосқан үлесі жайында сөз қозғалды.

Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!

 

 

Просмотров: 430

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст