Текст
Түзеу мекемесі жанындағы мектеп мұғалімі Скидан Н.Р. 7–18 сәуір аралығында Көкшетау қаласында өткен «Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық технологиялар» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсынан өтті. Курстар барысында заманауи педагогикалық әдістер, оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілдері және оқушылармен тиімді жұмыс жүргізу әдістері қарастырылды. Курстың тренері Қабдушева А.Ж. педагогтерді оқыту үдерісін кәсіби, нақты әрі түсінікті түрде жүргізе білді. Әрбір қатысушы үшін бұл курстан алған білім мен тәжірибе кәсіби дамудың маңызды қадамы болмақ.