Жалпы білім беретін мектептерде "Нұр-Отан"партиясы мүшелерінің кезектен тыс отырысы өтті. Күн тәртібінде "Нұр Отан"партиясы мүшелерінің этикалық кодексіне толықтырулар енгізуге байланысты мәселе қаралды. Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар "Нұр-Отан"мүшелерін партиялық жауапкершілікке тарту жөніндегі нұсқаулықтармен танысты. Жаңа заңнама, ең алдымен, партияның әрбір мүшесін отансүйгіштікке шақыруға бағытталған. Құжаттың мәні-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу, партия мүшелерінің теріс қылықтар жасауына жол бермеу, сондай-ақ жауапкершілікті арттыру. Партияның әрбір мүшесі өзінің күнделікті еңбегімен қоғамдағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлттық бірлік пен келісімді нығайта отырып, экономикалық қуатты, демократиялық мемлекет құруға қол жеткізуі тиіс.