Атбасар қаласындағы ЕЦ 166/4 мекемесінде «Атың мәңгі, Абай» әдеби – сазды кеш іс-шарасы ұйымдастырылды. Абайдың 175 жыл мерей тойына қарсы, қазақ тілі және әдебиет апталығына орай , кешкі (ауысым) орта мектебінде «Атың мәңгі, Абай» әдеби –сазды кеш іс-шарасы өтті. Іс -шараны ұйымдастырған қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Киргабакова Гаухар Сериковна. Атап айтсақ, Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған «Атың мәңгі, Абай» атты мерейлі іс-шараға мұғалімдер, шәкірттер, қонақтар, мекеме басшылығы қатысты. Жиында болашағынан үміт күттірген жас азаматтар ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, ән шырқады. «Мақсатымыз – ұлы кемеңгер, ойшыл ақынымыз Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін, жас ұрпаққа насихаттау. Дара тұлғаның өлеңдері арқылы сотталған азаматтарға адами қасиеттерді сіңдіру. Осылайша, өскелең ұрпақ ұлы тұлғаларымызды ұмытпай, оның шығармашылығына қызығушылық танытады. Бұл іс-шараны ұйымдастыруға мекеме қызыметкерлері де ерекше белсенділікпен атсалысты», - дейді мектеп директоры Ерлан Дюсембаев.