" Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ "Общеобразовательная школа при исправительном учреждении отдела образования по Атбасарскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мерекенің тарихы

Мерекенің тарихы

Республика күні алғаш рет 1995 жылдың қазан айында Ұлттық  мереке болып жарияланды - тиісті жарлыққа ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды. 25 қазан күні кездейсоқ таңдалған жоқ: дәл 1990 жылы дәл осы күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің № 307-XII қаулысымен Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.

Декларацияда Қазақ КСР-нің егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі принциптері ретінде мыналар бекітілді: біртұтас мемлекет, аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі және қол сұғылмаушылығы, қазақ халқының және Қазақстанның басқа халықтарының  мәдениетін, дәстүрін, тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту. 2001 жылы Республика күні ұлттық  мереке мәртебесінен айырылып, мемлекеттік мерекелер санатына ауыстырылды. 2009 жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылып, оған сәйкес елімізде Республика күнін мерекелеу алынып тасталып, 25 қазан жұмыс күні болып белгіленді.

Мерекенің қайта жаңғыруы

2022 жылғы 16 шілдеде Ұлттық құрылтайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды. «Республика күні еліміздің мемлекеттілікке деген батыл қадамының символына айналуы керек, әрине, Тәуелсіздік күнінің түпкі мәні сақталады. Бұл күн басты ұлттық мереке болып қала береді, алайда оны тәуелсіздік алуға елеулі үлес қосқан ұлттық батырларымызды еске алу күні ретінде атап өту керек», - деді Тоқаев.  Қыркүйек айының ортасында ҚР Парламенті Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңға түзетулер қабылдады. Құжатқа сәйкес, Республика күні 25 қазан – ұлттық  мерекеге, ал Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан мемлекеттік мерекеге айналды.

Жаңартылған күні: 17.10.2023 18:46
Құрылған күні: 17.10.2023 18:46

Текст