" Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ "Общеобразовательная школа при исправительном учреждении отдела образования по Атбасарскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиет апталығының есебі

Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша гуманитарлық апталықтың есебі.

Мақсаты: Тіл- ұлттың мақтанышы , тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік  бере отырып , оқушыларды елжандыққа, туған тілің құрметтеуге , тілді ұлттық мұра ретінде  қастерлеуге үйрету.

2023 жылдың 6 қарашасынан  бастап қарашаның 10 дейін қазақ тілі мен әдебиет апталығы өтті. Бірінші күні апталықтың салтанатты ашылуы.

Қазақ тілі апталығы аясында  7 қараша күні 10 «Г» сыныбында  «Экология және кәсіби     маман мәдениеті» тақырыбына  ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақта  оқушылар өздерін жақсы жақтарынан көрсетіп , сабаққа жақсы қатысты. Сабақта берілген тапсырмаларды оқушылар жоғары қызығушылықпен орындады.

Оқушылардың  мемлекеттік тілді жетік меңгеріп  білуіне  көңіл бөліп , пәнеге деген  қызығушылығын арттып , ізденімпаздық  қабілеттерін ояты.

8 қараша 10 сыныптар арасында сыныптан тыс іс шара өтті.  Тақырыбы : ««Тілім менің-тірлігімнің айғағы » . Мақсаты: Мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін, өзге ұлт өкілдері баламарын қазақ тілінде сөйлеуін қалыптастыру, оқушылардың ой белсендігін, таным, ізденпаздық қасиеттерін арттыру, адамгершілікке, парасаттылыққа, сыпайылдыққа тәрбиелеу, мемлекеттік тілді насихаттау. Туған жерді қадірлеуге баулу, қазақ тілі, әдебиеті, тарихы, өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.

 Сайысқа «Сұңқар» және «Құран» тобы  болып екі топқа бөлінді, Сайыс 4 кезеңнен тұрды.

1 кезең- Таныстыру, 2 кезең – сұрақ жауап,3 кезең –өлең шумағын жалғастыру,4 кезең –капитан сайысы

Әр топ өздерін жақсы жақтарынан  көрсетіп, белсенді қатысты.

Әр оқушы өздерінің аянбай  өнерлерін көрсетуге ат салысты. Бірінші орынға  ие болған «Сұңқар »тобы.

9 қараша күні «Жау жүрек мың бала » фильмі көрсетілді. Жоңғар шапқыншылығы - азаттық үшін жан берісіп, жан алысқан әрбір қазақ баласының қанымен жазылған тарих. Есімі кейінгі ұрпаққа тарихи жырлар мен аңыз­дар арқылы жеткен ержүрек сарбаздың бірі - Сартай. Әкесі мен анасын жоңғар әскері көз алдында аяусыз өлтіріп, бауыр­ларымен жетім қалған Сартай кек алсам деген мақсатпен ержетеді. «Жаужүрек мың бала» фильмі Сартай сынды жүздеген боздақтың тағдырынан сыр шертіп, бүгінгі ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, намысын шыңдай түсуге түрткі боларлық­тай.

 Апталықтың соңғы күні қатысқан барлық оқушыларға марапаттама берілді. Қорыта келгенде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің апталығы белгіленген жоспар бойынша жоғары деңгейде өткізілді.

 

 

Қазақ тілі мен  әдебиет мұғалімі                          Смагулова Д.М.

 

Жаңартылған күні: 10.11.2023 18:38
Құрылған күні: 10.11.2023 18:38

Текст